È

«Юрск кезеңі әлемі 2»: алғашқы дубляждалған трейлер динозаврлар әлемімен таныстыруды жалғастыруда

«Юрск кезеңі әлемі 2»: алғашқы дубляждалған трейлер динозаврлар әлемімен таныстыруды жалғастыруда

4 ақпан күні АҚШ-тың американдық футболы суперфиналының тікелей көрсетілімінде Universal Pictures «Юрск кезеңі әлемі 2» фильмінің су жаңа трейлерін ұсынды. Тақырыптық саябақ пен «Юрск кезеңі әлемі» тамаша курортының бостандыққа шыққан динозаврлармен құртылғанына төрт жылдың жүзі болыпты. Адамдар Исла-Нублар аралын тастап кетті, сондықтан динозаврлар ну орманда өздеріне қорек іздеуге мәжбүр болады.

Аралда сөніп қалған вулкан атқылай бастаған кезде, Оуэн Грэйди (Крис Пратт, «Галактика сақшылары», «Жолаушылар») мен Клэр Диринг (Брайс Даллас Ховард, «Алтын», «Пит және оның айдаһары») қалған динозаврларды жоғалып кету қаупінен қорғау үшін кампания өткізеді. Оуэн жабайы табиғатта көріне бермейтін маңызды жыртқыш Блюді қорғауға келе жатады. Сол жаратылыстарды ерекше құрметтейтін Клэр ендігі кезекте өз міндетін атқаруы тиіс. Олар қауіпті аралға келе салысымен, лава жаңбыр секілді құя бастайды. Екеуінің экспедициялары динозаврлар билік құрған тарихи кезеңнен кейін аса өзгере қоймаған ғаламшарымызды әлемдік жаңа тәртіпке жетелейтін құпияны ашады.

Таң қалу, шытырман оқиғалар және әсерлі көріністер кино тарихындағы ең табысты әрі танымал франшизаның синониміне айналды. Жаңа ролик сүйікті кейіпкерлеріміз бен динозаврлардың оралуын көрсетеді, ал жаңа тұқымдар қорқыныш ұялатады.

«Юрск кезеңі әлемі 2» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері – 8 маусым.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер