È

«Юрск кезеңі әлемі 2»: соңғы трейлерде әйгілі саябақтың бүлінуі

«Юрск кезеңі әлемі 2»: соңғы трейлерде әйгілі саябақтың бүлінуі

Universal студиясы шамамен бір жарым айдан соң әлемдік тұсаукесері болатын «Юрск кезеңі әлемі 2» фильмінің соңғы трейлерін жарыққа шығарды. Әсерлі эпикалық шытырманды «Юрск кезеңі әлемінің» бірінші бөлімімен айналысқан Колин Треворроудың түпнұсқа сценарийі бойынша Хуан Антонио Байона («Құбыжықтың дауысы», «Мүмкін емес») және Дерека Коннолли («Конг: Қаңқалар аралы», «Траки-құбыжық») түсірді.

«Юрск кезеңі әлемі» көрікті курорты мен динозаврлар саябағын толық іске қосу үшін төрт жыл кеткен. Исла-Нублар аралы барсакелмеске айналды, динозаврлар көптен күткен бостандыққа шығып, өз-өздерін қамтамасыз етіп, ну орманда азық іздеп жүреді. Аралда өшіп қалған вулкан қайта жандана бастайды, көп ұзамай атқылауы да мүмкін.

Оуэн (Крис Пратт, «Галактика сақшылары», «Жолаушылар») және Клэр (Брайс Даллас Ховард, «Алтын», «Пит және оның айдаһары») табиғат апаты кезінде динозаврларды жоғалып кету қаупінен құтқаруға тырысады. Оуэн үшін жабайы табиғатта сирек кездесетін Блю жыртқышты құтқару аса маңызды. Клэр мен Оуэн аралға келген соң, вулкан жандана бастайды да, өте үлкен қауіп төнеді, яғни бүкіл әлем кезінде тек динозаврлар ғана өмір сүрген кезеңге оралуы мүмкін.

«Юрск кезеңі әлемі 2» шытырман оқиғасы 2018 жылдың 8 маусымынан бастап айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер