Жас Барак Обама Netflix трейлерінде
Netflix арнасы өзінің YouTube аккаунтында АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді президенті туралы картинаның трейлерін жариялады. Фильм Барак Обаманың жас кезі туралы. Кинолента Обаманың жас кезіндегі карьерасының жасаған уақытын қамтиды. Картина «Барри» деп аталады, фильмде болған оқиға 1981 жылды суреттейді. Осы кезде жиырма жасар Обама Нью-Йоркке келеді. Осында ол Колумбия университетінде оқиды. Тұсаукесері 16 желтоқсанда. Президенттің рөлінде Джейсон Митчелл. Сондай-ақ картинаға Дженна Элфман, Эшли Джадд, Лайнас Роуч, Аня Тейлор-Джой және басқалар қатысты. Режиссер - Викрам Ганди.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін