«Кек алушылар 4»: ағайынды Руссолар ойландыратын суреттің көмегімен фильм жайлы мәлімдеме жасады

Marvel-дің «Кек алушылар» комиксі төртінші бөлімінің режиссерлары ағайынды Джо мен Энтони Руссолар жұма күні күту рейтингі таң қалдырып жатқан таспаның түсіріліміне дайын екендерін хабарлады. Дегенмен, олар жанкүйерлерді ойландырып қойды. Осы жаңалықты Twitter'гe жариялағанда, бірге пайда болған жарқын көкшіл сурет нені білдіреді екен?

Marvel-дің жанкүйерлері мұны франшизаның қайта жүктеуіне арналған тұспал деп ойлайды. Алдыңғы «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» фильмінде жарты суперқаһармандардың өлімі көрсетілген еді, сондықтан жанкүйерлердің бірі суреттегі жарыққа қатысты айтқан теориясы - ағайынды Руссолардың жаңа таспасында тағы бір кейіпкер міндетті түрде өлуі тиіс. Жақында Крис Эванс ендігәрі Капитан Американы сомдамайтынын растаған еді, сондықтан барлық белгі бойынша оның өзі болуы мүмкін. Дегенмен, бұл режиссерлардың өздерінің жанкүйерлерімен жасаған ешқандай мағынасы жоқ ойыны болуы да мүмкін. Бұл құпияның ашылуы үшін бірнеше уақыт өтуі керек шығар.
«Кек алушылар» комиксі 2019 жылдың 2 мамырында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін