«Мумия» қайта оралады: Том Круздың жаңа оқиғаларының екінші трейлері
Universal Pictures Russia YouTube желісінде 90-жылдары танымал болған хоррордың өзіндік ремейкі болып саналатын "The Mummy-дің» дыбысталған екінші трейлерін жариялады.
Жаңа нұсқаның режиссері - «Шпионка» хикаясы арқылы танылған Алекс Курцман.
«Мумия» - Universal компаниясының қайта шығарған жалғыз жобасы емес. Көптеген тарихи оқиғалар: Франкенштейн, Франкенштейннің қалыңдығы, Дракула, Қасқыр-адам, Қара Мүйістегі құбыжық, Көрінбейтін адам мен Ван Хельсинг секілді туындылар да қайта жаңғырмақ.
«Мумияның» жаңа оқиға желісі бойынша, шөл даладағы тонна құмның астындағы үлкен тас табытта көне патшайымның жерленгені баяндалады. Ол жерге патшайым еріксіз көмілген деседі, ал ол ояна қалса, мыңдаған жылдар бойы жиналған ашуын шығарғанда әлем бұрын-соңды болмаған сұмдыққа тап болады.
Патшайымды антитеррорлық операция жасауды көздеп жүрген арнайы жасақталған топ байқап қалады. Нәтижесінде, жауынгерлер жәй ғана табытты емес, Аманет фараонның қызы жатқан тас табытты тауып алады.
Сонымен қатар, трейлер арқылы фильмге Том Круз бен София Бутелладан өзге, Рассел Кроу, Аннабелль Уоллис пен Джейк Джонсон түскенін байқауға болады.
Фильм тұсаукесері 8 маусымда болмақ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін