È

«Қалыңдық»: Lionsgate-дің қорқынышты фильмінің хикаясымен Сара Конрадт айналысады

«Қалыңдық»: Lionsgate-дің қорқынышты фильмінің хикаясымен Сара Конрадт айналысады

Сара Конрадт Lionsgate үшін бір жыл бұрын кең айналымға шыққан аттас ресейлік қорқынышты фильмнің ағылшын тіліндегі ремейкі болып табылатын «Қалыңдық» фильмінің сценарийімен айналыспақ. Конрадт триллер мен қорқынышты фильм жанрында бұрыннан бері жұмыс істеп келеді.

2011 жылы оның «Қысқы өлім» триллерінің сценарийі киностудиялар мен продюсерлік компаниялардың басшылары үнемі қызығушылық танытатын «Үздік сценарийлердің қара тізіміне» енген болатын. Сондай-ақ, Сара Конрадт MGM үшін «Қара мұз» финн драмасының бейімдеуімен айналысқан және Focus Features үшін «Engima» триллерінің сценарийін жазған.

Ресейлік «Қалыңдық» фильмінің режиссері әрі сценаристі Святослав Подгаевский («Қарға ханым: Қара салт») болатын. Хикаяда XX ғасырдың басындағы қалыңдық өлілер арасынан тіріліп келіп, заманауи қалыңдықты отбасымен бірге жақсылап қорқытуды көздейді. «Қалыңдықтың» продюсерлері «Қарғыс» франшизасымен айналысқан ағайынды Чад пен Кэри Хэйес болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер