È

Gotham Awards жүлдесінің үміткерлері

Gotham Awards жүлдесінің үміткерлері

Gotham Awards жүлдесі 1991 жылы құрылған. Ол тәуелсіз картиналарды қарастырады. Жүлделерді үлестіру шешімін киносыншылардан, журналистер мен фестивальдің бағдарлама директорларынан құралған комитет қабылдайды. Аталмыш жүлде «Оскарға» бағытталған алғашқы қадам болып саналады, мысалы былтырғы жылы Gotham Awards бас жүлдесін режиссер Барри Дженкинстің «Айдың жарығы» драмасы иеленген, бұл туынды кейіннен «Оскар» жүлдесін де жеңіп алады.

Дәл осы жағдай «Дауыл иесі» және «Бёрдмэн» фильмдерімен де қайталанған.

Бір қызығы, биылғы жылы Джордан Пилдың «Аулақ» хоррор-драмасы номинациялар бойынша алда келеді.

Жүлденің үміткерлері келесідей тізбектелді:

Үздік фильм: «Мені өз есімімен аташы», «Аулақ», «Мен, Тонямын», «Флорида» жобасы», «Тамаша уақыт».

Үздік деректі фильм: «Ex Libris: Нью-Йорк халықтық кітапханасы», «Көртышқандар», «Стронг-Айленд», «Кімнің көшелері?», «Ішкі жұмыс».

Үздік сценарий: «Махаббат — ауру», «Брэд беделі», «Мені өз есімімен аташы», «Колумбус», «Аулақ», «Құс ханым».

Үздік актер: Уиллем Дефо — «Флорида» жобасы», Джеймс Франко — «Жаратушы-қайғы», Дэниэл Калуя — «Аулақ», Роберт Паттинсон — «Тамаша уақыт», Адам Сэндлер — «Майровиц жанұясының хикаясы», Гарри Дин Стэнтон — «Бақытты жан».

Үздік актриса: Мелани Лински — «Бұл әлемде енді өзімді үйдегідей сезінбеймін», Хейли Лу Ричардсон — «Колумбус», Марго Робби — «Мен, Тонямын», Сирша Ронан — «Құс ханым», Лоис Смит — «Марджори Прайм».

Gotham Awards жүлдесін табыстау салтанаты 27 қарашада болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер