È

Бөгде ғаламшарлық саналы жаратылыс жайлы «Веном» фильміне арналған жаңа дубляждалған трейлер

Бөгде ғаламшарлық саналы жаратылыс жайлы «Веном» фильміне арналған жаңа дубляждалған трейлер

Sony студиясының «Веном» фильміне арналған жаңа дубляждалған трейлерінде Том Харди («Тірі қалған», «Дюнкерк») көрермендерге өзінің тамаша түрлендірілген бейнесін көрсетеді. Sony студиясы көрермендерге асыға күткен Веном үлгісіндегі Хардиді ұсынады. Демек, «Дэдпул 2» биылғы жылы айналымда миллиондаған доллар жинайтын «R» жоғары жастағы рейтингі бар суперкейіпкері жайлы жалғыз блокбастер болмайтыны анық.

«Веном» экрандағы шығарылымға биылғы күзге дайындалуда. Том Харди толықтай суперкейіпкерге айналады. Sony студиясы фильмді ұсынған кезде Хардидің кейіпкерінің өзгерісі толықтай ашылмаған еді. Жаңа ролик барлық үмітті ақтайды. Хардидің кейіпкері Эдди Брок Сан-Францискоға көшіп барады және зұлым бөгде ғаламшарлық симбиотқа қарсы күреседі. Режиссер Рубен Фляйшердің («Zомбилэндке қош келдің!», «Ганстерлерді аулаушылар») фильмі «Ажалды қорғаушы» және «Симбиоттар ғаламшары» комикстерінің негізгі сюжетінен шабыт алады.

«Веном» қылмыстық экшны айналымға Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 4 қазанынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Тимур Жақсылықов

Сценарист