«Шерлок» сериалын түсірушілерден бір тизер
Twitter әлеуметтік желісіндегі «Шерлок» сериалының ресми арнасында ұзақтығы 15 секундтық ролик пайда болды. Онда сериалдың жаңа 4-маусымынан үзінді берілген. Видеода Шерлок Холмс пен доктор Ватсон Шерлок Холмстің бөлмесінде бір-біріне қарама-қарсы отырады, ал олардың айналасының бәрі су. Видеода былай деп жазылған - «Бұл енді ойын емес».
Естеріңізге сала кетейік,4-інші маусымның алғашқы эпизоды келесі жылдың 1 қаңтарында шығады деп жоспарланған. Бірінші эпизодтың атауы да белгілі - «Шесть Тэтчер».
It's not a game anymore… #Sherlock pic.twitter.com/yed9Lrl4wC
— Sherlock (@Sherlock221B) 30 ноября 2016 г.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін