«Өрмекші-адам: Үйге оралу» фильмінің жаңа проморолигі
Өрмекші-адамның және әлемдік Marvel-дің басқа да кейіпкерлерінің авторы Стэн Ли өз фильмдерінде ойнағанды жақсы көреді. Ол «Өрмекші-адам: Үйге оралу» картинасында да көріністердің біріне түсіп, төбе көрсетті.
Сюжет еш өзгеріссіз бұрынғыдай болып қалды. Өрмекші-адам немесе Питер Паркер (Том Холланд) «Бірінші кек алушы: Қарсы тұру» («Первый мститель: Противостояние») фильмінде Кек алушылармен бірге жұмыс істегеннен кейін сүйікті әпкесі Мэймен Квинстағы қалыпты өміріне қайтып оралады. Енді оған Тони Старк немесе Темір Адам (актер кіші Роберт Дауни) қарайласып жүреді. Питер Паркер қарапайым болғысы келгенімен, керемет күш өзіне қайта-қайта шақыра береді. Әлем Питерді тыңдап, қалаға Майкл Китон сомдауындағы зұлым Құзғынды жібереді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін