Ридли Скоттың жаңа шедеврі және оның жаңа сүйіктісі
Швед актрисасы Нуми Рапас Ридли Скоттың «Прометей» фильмінен кейін бүкіл әлемге танылды. Ол онда тірі қалған персонаждардың бірі Элизабет Шоудың рөлінде ойнады. Осыдан кейін «Чужой: Завет» фильміне актриса қатыспайды деп күтілген, алайда ол осы жобада жұмысын жалғастыруда. Қазір Нуми Рапас Австралияда жаңа кинолентаның түсірілімінде. Ол сол жақта бірнеше апта болады. Сондай-ақ «Чужой: Завет» фильміне Кэтрин Уотерстон, Билли Крудап, Дэнни МакБрайд қатысады. Тағы бір белгілісі, жаңа "Чужой" фильмінде "Прометейдегі" Майкл Фассбендердің орындауындағы робот та болады. Картинаның тұсаукесері келесі жылдың тамыз айына белгіленген. Бұған дейін хабарланғанындай, жаңа «Чужой» фильмінің түсірілімі «Прометейдің" түсіріліміне қатысты кейінге шегерілді делінген, бірақ бұл дерек нақтыланған жоқ.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін