È

70-Канн фестивалінің «Режиссерлардың екі апталығы» бағдарламасы жарияланды

70-Канн фестивалінің «Режиссерлардың екі апталығы» бағдарламасы жарияланды

Француз режиссерлерінің одағы 1968 жылдың мамыр айында «Режиссерлардың екі апталығы» бағдарламасын құрған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - жас режиссерларды табу және жұмыс істеп жүргендерді қолдау. Әдетте, бұл бағдарламаға негізгі құрамға енбеген фильмдер кіреді. Жалпы, бағдарламаның Канн фестиваліне қарамайтын өзіндік әділқазылар алқасы жасақталған.

Іріктелген фильмдер арасында Клер Денидің Жюльет Бинош және Жерар Депардьенің қатысуындағы «Un Beau Soleil Interieur» комедиясы, осы фильм бағдарламаны ашып береді. Туынды Ролан Барттың «Фрагменты речи влюбленного» кітабы бойынша түсірілген.

Сонымен қатар, бағдарламаға Жанна Д’Арктың балалық шағы туралы түсірген Брюно Дюмонның «Жаннетт» мюзиклі кірді. Режиссер Шон Бэйктің Флоридадағы Диснейленд көлеңкесінде өскен балалар туралы түсірген ««Флорида» жобасы» кинотаспасы секілді.

Режиссер Абель Феррара Франция саяхаты туралы «Alive In France» деректі картинасын ұсынды. Ал Филипп Гаррель көрермендерге жас қыз туралы «L’amant d’un jour» драмасын көрсетеді. Бойжеткен жігітімен айырылысып, үйіне келген соң, әкесінің өзімен жасты бір қызбен жүріп жүргенін көреді. Оқиға осы төңірегінде өрбиді.

Сондай-ақ, бағдарламада мынадай фильмдер көрсетіледі: Амоса Гитай «На западе реки Иордан», Хлои Жао «Наездник», Рунгано Ниони «Я не ведьма».

Бағдарламаның жабылуында гангста-рэпер болуды армандайтын ақ нәсілді қыз туралы «Patti Cake$» картинасы ұсынылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер