«Өте нашар аналар 2»: жаңа трейлер
Желіге «Өте нашар аналар 2» комедиясының екінші трейлері шықты.
Үлгілі болғаннан жалыққан үш ана қайтадан бірігеді. Ендігі кезекте олар Рождествоны тойлауды ұйғарады. Алайда олардың жоспарына туған аналары араласады (Сьюзен Сарандон, Кристин Барански және Шерил Хайнс), себебі аналар мерекені қыздарымен бірге тойлағылары келеді. Қойылымымен және сиквел сценарийін жазумен Джон Лукас және Скотт Мур («Вегастағы ерлер кеші») айналысты.
Басты рөлдерді қайтадан Мила Кунис, Кристен Белл және Кэтрин Хан ойнайды.
Комедияның алғашқы бөлімі былтыр шыққан болатын. 20 миллион долларға түсірілген фильм 180 миллион доллар табыс тапты.
STX Entertainment «Өте нашар әкелер» атты спин-оффты шығаруды жоспарлап жүр.
«Өте нашар аналар» екінші бөлімінің тұсаукесері 7 желтоқсанда болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін