È

«Оскар 2019»: «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына 87 ел жұмыстарын ұсынды

«Оскар 2019»: «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына 87 ел жұмыстарын ұсынды

«Оскар» жүлдесінің 91-ші табыстау салтанатына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына 87 мемлекет өз жұмыстарын ұсынды. Бұл сан рекордты сан емес. Былтыр американдық киноакадемиктер 92 елдің үміткерлерін қарастырған болатын. Бұл жолы байқауға алғаш рет Малави мен Нигер сынды африкалық елдер қатысып жатыр.

«Оскардың» лонг-парақшасындағы өзге фильмдердің арасында түрлі деңгейдегі фестивальдерде жүлделі болған жобалар бар. Қазіргі таңда бірнеше фавориттер көзге түсуде:

1. «Рома» (Мексика, режиссер Альфонсо Куарон)

2. «Дүкен тонаушылар» (Жапония, режиссер Хирокадзу Корээда)

3. «Капернаум» (Ливан, режиссер Надин Лабаки)

4. «Суық соғыс» (Польша, режиссер Павел Павликовский)

«Оскарға» ұсынылған бірнеше үміткерлердің қысқаша тізімі 2019 жылдың 22 қаңтарында жарияланады, ал ең беделді кинематографиялық жүлденің табыстау салтанаты 2019 жылдың 24 ақпанында өтеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер