«Оверлорд»: Уайатт Рассел «моральдің өтпелі кезеңін» жаулап алу жайлы айтып берді
Осы аптада айналымға шыққан «Оверлорд» фантастикалық атыс-шабыс фильмінің жұлдызы Уайатт Рассел («Ингрид Батысқа барады», «Ұрдажық: Эпикалық илеу») «моральдің өтпелі кезеңін» жаулап алу жайлы айтып берді. Актер бұл таспада өзінің сұмдық әрекеттеріне алаңдаған американдық әскерлер тобын басқаратын капралды сомдайды. «Оверлорд» Екінші дүниежүзілік соғыс оқиғалары мен зомби туралы фильмдерді біріктіретін хикаяға негізделген. Бірақ, бұл жобадағы шанйы құбыжықтар – басқа адамдарға тәжірибе жасайтын адамдар.
«Менің ойымша, бұл кейіпкерім осындай әрекетке баратын бірінші жағдай емес. Ол - моральдің өтпелі кезеңінде өмір сүретін жігіттердің бірі. Бұл амбициялы фильм болды. Расында, қарапайым адам ақылынан адасар еді, себебі айналасындағы дүние соншалықты ессіз болды ғой. Режиссер Джулиус Эйвери ессіздік рухын картина өзегінде әрдайым сақтап қалғысы келді. Бұл оның жұмысындағы ең басты дәлел және негіз болды», - деді Уайатт Рассел кейіпкерінің сынау көріністері жайында.
«Оверлорд» фантастикалық атыс-шабыс фильмі көрсетіліп жатыр. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін