È

Тұсаукесер алдында: Гай Ричидің Артур патша туралы түсірген фильмінің трейлері

Тұсаукесер алдында: Гай Ричидің Артур патша туралы түсірген фильмінің трейлері

YouTube желісінде Гай Ричидің орта ғасырлық жауынгерлері туралы «Рыцари Круглого стола. Король Артур» («Артур патша. Дөңгелек үстелдің жауынгерлері») атты атыс-шабысқа толы фильмінің нақтыланған жаңа трейлері жарыққа шықты. Фильм тарихты баяндау жағынан да, түсірілім сапасы жағынан да шынында эксклюзивті болып келеді.

Фильм синопсисіне сәйкес, Артур есімді жас жігіт көше кезіп, Лондиниум тар көшелерінің бұзақыларынан құралған тонаушылар тобын басқарады. Ол өзінің патша әулетінен шыққанын және Экскалибур қылышының иесі екендігін білмей жүреді.

Өмір Артурды осы қылышқа әкеледі, ол сол жерде Экскалибур күшін шақырады. Нәтижесінде, ол қылыш қолдануды үйренеді, құбыжықтармен бетпе-бет кездеседі, баяғыда патшалыққа ие болған өзінің ата-бабасын өлтіріп, билікті тартып алған Вортигерн зұлымды жеңу үшін халықты біріктіруге күш салады.

Артур рөлінде Чарли Ханнэм, ал Британия патшасы Вортигерн рөлінде Джуд Лоу ойнайды. Сондай-ақ, фильмде Дэвид Бэкхем бір алаяқтың рөлін сомдайды.

Тұсаукесері 11 мамырда.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

6 апреля 2017, 13:50

Захватывающий трейлер, одназаночно стоит того что бы посмотреть.

Zhakok

6 апреля 2017, 14:41

Бекхэм? футбол он играл хорошо, интересно как он будет играть в фильме

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер