«Персональный покупатель»: трейлері
Кристен Стюарт қазір Голливудтағы, жалпы әлемдегі сұранысқа ие актрисалардың бірі. Сондай-ақ ол кино түсіруге де, түрлі іс-шараларға қатысуға да уақыт табады.
Жақында YouTube-та IFC Films студиясының «Персональный покупатель» фильмінің трейлері шықты. Бұл мистикалық триллерде басты кейіпкер Морин Картрайт Америкадан Парижге келеді де, бай әйелдің жеке стилист ассистенті болып орналасады. Бәрі жақчсы болар еді, алайда Мориннің ерекше қасиеті оның өмірін қиындата түседі. Ол аруақтармен сөйлесе алады.
Картина режиссеры - Оливье Ассаяс. Түсаукесері наурыз айының басына жоспарланған.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін