È

«Звезда родилась» фильмінің түсірілімінен алғашқы кадрлар

«Звезда родилась» фильмінің түсірілімінен алғашқы кадрлар. Әлемдік кино

Кеше басты рөлдерді Леди Гага мен Брэдли Купер сомдаған «Звезда родилась» фильмінің түсірілімі басталды. Туынды бұрындары дәл осындай атпен шыққан, алдымен Джуди Гарланд, кейіннен Барбара Стрейзанд ойнаған картинаның ремейкі болып табылады. Сюжет желісі біреуінің «жұлдызы» жанып тұрған, енді бірінің атағы бәсеңсіп қалған шақта кездесіп қалған екі танымал адамдардың оқиғасын баяндайды.

Желіде «Warner Bros.» студиясының арқасында түсірілім алаңынан алғашқы кадрлар пайда болды. Ол жақта Леди Гага микрофонмен ән айтып тұрса, қолында гитарасы бар Брэдли Купер оған мақтанышпен қарап тұрады.

Айта кетерлігі, фильмде Леди Гага өзінің шын есімі Стефани Германотта ретінде таныстырылады. Ал Брэдли Купер алғаш рет өзін режиссер ретінде сынап көрмек.

Оқиға кантри-әуенінің танымал музыканты Джексон Мейннің және болашағы бар орындаушы Эллидің өмірін баяндайды. Олар кездесіп, бірге жұмыс істей бастайды. Бірақ, Эллидің жұлдызы жанып тұрған шақта, Джексоннің мансабы төмендей түседі.

Фильмге арнап Леди Гаганың өзі әндер шығарды.

Картинаның тұсаукесері 2018 жылдың 28 қыркүйегінде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер