Даррен Аронофскидің «Ана!» қорқынышты фильмінің алғашқы тизері
Желіге Даррен Аранофскидің «Ана!» атты жаңа картинасының алғашқы тизері шықты. Осылайша, Даррен актриса Дженнифер Лоуренске бір табан жақындады.
Сюжеті Дженнифер Лоуренс пен Хавьер Бардем сомдайтын ерлі-зайыптылардың өмірін баяндайды. Барлығы жақсы болатын, алайда үйге шақырылмаған қонақтар келеді де, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы сынға алынады.
Сондай-ақ, фильмге Мишель Пфайффер, Донал Глисон және Эд Харрис қатысты.
«Ана!» фильмінің тұсаукесері Венециан кинофестивалінде болады. Сонымен қатар, картина Торонтодағы фестивальге аттанбақ.
Картина релизі 14 қыркүйекте болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін