È

Тайлер Перридің «Күйгелектік» картинасының алғашқы трейлері

Тайлер Перридің «Күйгелектік» картинасының алғашқы трейлері

«Империя» хикаясындағы рөлі үшін «Алтын Глобус» иегері атанған Тараджи П. Хенсонның кейіпкері адал жар Мелинда өтірікші күйеуі Роберттің (Лайрик Бент, «Ырғақ сақта», «Қанға қан») опасыздығынан шаршады. Өзіне жасалған сатқындықты білген әйел қатты ашуланады.

«Сіздің ойыңызша, Сізде басқара алмайтын ашуға қатысты мәселе бар ма?» - бұл Тайлер Перридің «Күйгелектік» атты жаңа жұмысындағы алғашқы трейлердегі сөйлем болып табылады, оны Lionsgate ұсынған. Мұндағы «Acrimony» ағылшын тіліндегі атауы күйініш пен жеркеніш дегенді білдіреді. Аталмыз сөз сюжетпен тығыз байланысты, себебі Хенсон опасыздық туралы баяндайтын драмалық триллерде барлық мәселені жалғыз өзі шешуге тырысады. Көрермен басты рөлді сомдаған кейіпкермен болған көптеген флэшбэктерді көре алады. Картина Роберт екеуінің алғашқы кездесуін және Мелинданың осы уақытқа дейін көз жұма қараған күйеуінің опасыздығын баяндайды. Опасыздық – әйелдің мықты болуына әрі кек алуына құмарлығын оятатын дүние.

«Күйгелектіктің» тұсаукесері 2018 жылдың 30 наурызында болмақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Венера Нығматулина

Актриса

Санжар Мәди

Актер