Атышулы екі сериалдың кейіпкерлері Джиллиан Андерсон («Секретные материалы») және Кристина Хендрикс («Безумцы») екеуі бірге Агата Кристи романының желісі бойынша түсірілетін «Скрюченный домишко» фильмінде ойнайды. Бұл авторлық құрамға Теренс Стэмп, Стефани Мартини, Гленн Клоуз және Макс Айронс қосылады.
Қойылыммен Жиль Паке-Бреннер айналысады, ол «Ее зовут Сара» және «Темные тайны» фильмдері арқылы белгілі. Сценарийін жазған Джулиан Феллоуз бен Тим Роуз Прайс.
Кристидің «Скрюченный домишко» кітабының сюжеті бойынша детектив Чарльз қылмысты ашу үшін үйге адам өлтіргіш қылмыскерді кіргізеді. Қазір түсірілім қарқынды жүріп жатыр, тұсаукесері 2018 жылға жоспарланған.