È

«Қыздарды қолдаңыздар»: спорт, бар және жазғы комедия

«Қыздарды қолдаңыздар»: спорт, бар және жазғы комедия

Magnolia Pictures студиясы режиссер әрі сценарист Эндрю Буджальскидің («Махаббат спорт секілді», «Өзара түсіністік») «Қыздарды қолдаңыздар» драмалық комедиясының трейлерін ұсынды. Бұл таспаның тұсауы биылғы наурызда «Оңтүстік арқылы оңтүстік-батысқа» кинофестивалінде кесіліп, сыншылардың жақсы пікіріне ие болды. Фильмнің бас жұлдызы Реджина Холл («Жалаңаш», «Ғажап қыздар») бір жылдан соң кішігірім бардың даяшылары жайлы феминистік жоба арқылы үлкен экранға оралды.

«Қыздарды қолдаңыздар» сюжеті бойынша мынадай оқиға орын алады: Лайза Конрой (Реджина Холл) жол бойындағы «Қос соққы» спорт барында бас менеджер болып қызмет атқарады, ол жақта кілең сұлу даяшылар жұмыс істейді. Ол осы жерді және келушілерін жақсы көреді. Бір күні аяқ астынан келген корпоративті тексерудің салдарынан оның белсенділігі мен ұжымның кәсібилігі бір күн бойы беріктікке сыналады. Қыздар арнайы дайындалған клиенттерге жағуға тырысады...

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер