Жұмысқа Disney студиясы кірісті. Студия 1984 жылы шыққан «Всплеск» фильмін қайта жарыққа шығармақ. Оқиға русалканың өте әдемі және ерекше махаббаты жайлы. Фильмнің түпнұсқасында басты рөлді Дэрил Ханна және жас жігітті Том Хэнкс ойнаған болатын.
Жаңа ремейк комедия болады және барлық рөлдер керісінше болмақ. Бұл жолы русалканы 36 жастағы Ченнинг Татум, ал Том Хэнкстің рөлін комедиялық актриса Джиллиан Белл ойнайды. Картинаның өзі әзілге толы болатыны анық.
Ремейкте түпнұсқаның режиссеры Рон Ховард, 1984 жылғы фильмнің продюсері Брайан Грейзер қатысады. Сценарийімен айналысатын Мария-Льюис Райан.
Түпнұсқа «Всплеск» Мэдисон (басты рөлдегі кейіпкердің аты) есімін танымал еткен еді.