È

«Қашқындар» хикаясының трейлері жарық көрді

«Қашқындар» хикаясының трейлері жарық көрді

Ғаламтор желісінде Marvel комикстерінің аттас топтамасына негізделген «Қашқындар» хикаясының трейлері пайда болды.

«Қашқындар» сюжеті алты тинейджер туралы баяндайды, олар ата-аналарының ірі бір зұлым мекеменің мүшелері екендігін біліп қояды. Алты жасөсіпірімнің барлығы элиталы мектептің оқушылары, бірақ олардың тобы жақын құрбыларының өлімінен кейін бөлініп кеткен. Бір қызығы, ата-аналарына қарсы күрес бұрынғы топты қайта біріктіреді.

Негізі, Marvel-дің мақсаты аудиторияны барынша өзіне тарту екені белгілі ғой, сондықтан экранжа жәй ғана алты адам пайда бола салмайды. Бұл алты типаж аудиторияны өздеріне еріксіз баурап алатын адамдар: қара нәсілді жылы шырайлы жігіт, белсенді қыз, сері жігіт, жас сұлу ару, бойын шаттық кернеген ақылды қыз және готикалық бейнедегі азиат қыз.

Бұл топтаманың алғашқы комикстер шығарылымы 2003 жылы жарық көрген. Жалпы, бұл толығымен Marvel-дің жобасы болып табылады, яғни жобалар желі алыбы Netflix-тің қатысуынсыз пайда болған.

«Қашқындардың» тұсаукесері биылғы жылдың қараша айының соңына жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер