È

«Өтінемін, дайындалыңыз»: тұсаукесер алдындағы соңғы трейлер

«Өтінемін, дайындалыңыз»: тұсаукесер алдындағы соңғы трейлер

«Өтінемін, дайындалыңыз» драмалық комедиясы айналымға келесі жылдың басында шығады. Таспада жас қыз Венди (Дакота Фэннинг, «Ымырт», «Мен - Сэммін») туралы баяндайды.

Венди аутизм ауруымен ауырады, ол «Жұлдызды жолдың» жанкүйері әрі жас жазушы. Бойжеткен байқауға арнап сценарий жазады, ол Голливудқа барып, ұйымдастырушыларға жұмысын өз қолымен тапсыруды армандайды.

«Жұлдызды жолға» қызығушылық пен арманнан басқа, Вендидің сіңлісі (Элис Ив, «Қылмыскер», «Екеуіміз ажыраспай тұрып») және бұтына жіберіп қоя беретін иті бар. Сонымен қатар, Тони Коллеттке де («Құпия агент», «Үш икс: Әлем патшалығы») рөл табылды!

«Өтінемін, дайындалыңыз» фильмін режиссер Бен Луин («Суррогат») түсірді. Луинның басты рөлдегі Пол Раддпен бірге түсірілген «Кэтчер шпион болған» атты картинасының тұсаукесері келесі айда Sundance фестивалінде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер