«Оскар-2017» қонақтарына арналған ас мәзірі
Лос-Анджелесте «Оскар-2017» жүлдесін өткізуге және жан-жақтан ағылып келетін танымал қонақтарды күтуге қызу дайындықт жүріп жатыр. Салтанатты шара үшін арнайы ас мәзірі жасалған, «Ла-Ла Ленд» мюзиклі үшін арнайы коктейль де ойлап табылды. 89-ыншы «Оскар» киножүлдесінің басталуына бір аптадан да аз уақыт қалды. Салтанатты кеш «Долби» театрында, сондай-ақ The Beverly Hilton және Dorchester Collection желісіндегі Hotel Bel-Air қонақ үйлерінде өтеді, The Beverly Hilton қонақ үйінде мерекелік дастархан жайылады, ал Hotel Bel-Air қонақ үйіне қатсушылар жайғасып, жүлде табыстау рәсіміне дайындалады.

Осындай атаулы шараға орай Бель-Эйр қонақ үйінде арнайы ас мәзірі жасалды. Қатысушылар мен қонақтарға қақталған қызыл балық, балапан етінен жасалған қытай салаты ұсынылады. Сондай-ақ балапан еті, ризотто, қара жерқұлақ қосылған бәліш беріледі. Ең бастысы 2017 жылдың басты фавориті«Ла-Ла Ленд» мюзиклінің құрметіне LaLaLand89 коктейлі жасалды. Коктейльдің құрамы: ұзақ сақталған ром, қызыл вермут, итальяндық битер, шие ликері және бадамнан жасалған көбік қабаты, беті алтын жапырақшалармен көмкерілген.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
20 февраля 2017, 20:58Вот лично мне непонятно почему Ла-Ла Ленд так нахваливают, ведь есть картины и посильнее, на мой субъективный взгляд конечно же