«Твин Пикс» хикаясының тұсаукесер алдындағы тизері
«Твин Пикс» хикаясының үшінші маусымының тұсаукесеріне 9 күн қалды.
Өткен жолғы тизер бізге тура және ауыспалы мағынада айтқанда, ескі кейіпкерлерді көрсеткен болатын. Ал жаңа бейнежазба жаңа кейіпкерлермен қуантпақ.
Хикая жайқалған ағаштарға бай кішкене қалашықтағы өмір туралы баяндайды. Бұл қалада студенттің мәйіті табылмағанша, барлығы тыныш әрі жақсы болатын. Әрі қарай қала тұрғындарының аса қауіпті екендігі білінеді. Өйткені, әрқайсысының өз үйінде мәйіт жасырынып қоюы әбден мүмкін еді.
Тұсаукесер 2017 жылы 21-мамырда болады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін