«Жақ» драмасының тұсаукесері желтоқсан айының басында болады
«Кинотавр» фестивалінде Кирилл Плетневтің «Жақ» фильмінде басты рөлді сомдаған Инга Оболдина үздік әйел рөлі үшін арнайы жүлдеге ие болды.
Актриса әйелдерді түзеу мекемесінің аға инспекторы Алевтинаны сомдайды, ол керемет вокалды дарынын көпшіліктен жасырып жүреді. Плетнев таспаны жеңіл мюзикл жанры ретінде көрсеткісі келмей, комедия элементтері бар эмоционалды драма түсіруді ұйғарған. Алевтинаның сотталған әйелді сомдаған Виктория Исаковамен таныстығы өмірін күрт өзгертіп жібереді.
«Жақ» - барлығын қайта бастаудың ешқашан кеш еместігін және бала арманды кез-келген уақытта орындауға болатынын көрсететін кино. Бұл фильмнің кез-келген көрерменнің жүрегіне оңайлықпен жол табатыны сөзсіз.
«Жақ» тұсаукесері 7 желтоқсанға жоспарланып отыр.
Фильмнің Қазақстан аумағындағы ресми таратушысы - Meloman Entertainment компаниясы
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін