È

Weinstein Company-дың «Полароид» хоррорының тұсаукесері болмайтын болды

«Полароид» хоррорының тұсаукесері болмайтын болды

22 қараша күні АҚШ-та Dimension Films-тің Weinstein Company-мен бірігіп түсірген «Полароид» қорқынышты фильмінің тұсаукесері болуы тиіс еді. Бірақ, тұсаукесер болмайтын болды.

Таспа ағымдағы жылдың наурыз айында бір айдың ішінде канадалық Жаңа Шотландияда түсірілген болатын. «Полароидтың» негізіне Ларс Клевбергтің қысқаметражды туындысы арқау болған. Бұл хикая жоғары сынып оқушылары туралы баяндайды, олар сұмдық құпия жасырынған көне Polaroid фотоқұрылғысын тауып алады. Камераның өзіне жақындаған адамдарды өлтіретін қасиеті бар екен.

2016 жылы Клевберг және осы фильмнің продюсерлерінің бірі Рой Ли («Көл жағасындағы үй», «Жолдан тайғандар») «Поляроидты» франшизаның бастауы ретінде таныстырған. Сол уақытта Ли «Қоңырау» және «Қарғыс» секілді танымал жобаларға жетекшілік еткен тәжірибесі мол адам болатын. Ал белгілі атышулы Харви Вайнштейнның ағасы әрі Dimension Films-тың басшысы Боб Вайнштейн студиясының қомақты бюджеттен тұратын аз ғана фильмдерге көңіл аударатынын мәлімдеген.

«Полароид» тұсаукесерін ауыстыру ағымдағы жылдың 5 қазанында болған Харви Вайнштейнге қатысты сексуалды жанжалдан соң туындаған секілді. Себебі, ол өзінің Weinstein Company компаниясынан төрт күннен кейін қуылған. Бұл жаңалықтың соңы қандай жағдайға алып келгенін көріп отырсыздар. «Тоқтардың шайқасы» тұсаукесері де 24 қарашадан 2018 жылға ауыстырылды, ал АҚШ-та 28 қазанда жарыққа шыққан «Амитивилль сұмдығы: Қайта тірілу» фильмі 10 залдың өзінен $742 көлемінде қаржы жинап, айналымда сәтсіздікке ұшырады.

«Полароидтың» Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылдың басына жоспарланған еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса