Солтүстіктің супербатыры Аквамен жайлы көптен күткен фильмнің тұсаукесері күзге қалдырылды. Басты рөлде Джейсон Момоа ойнайтын фильм 2018 жылдың 28 шілдесінде шығады деп жоспарланған болатын. Енді 2018 жылдың 5 қазанына ауыстырылды.
Мұндай шешімді Warner Bros. және DC Comics компаниялары шығарды. Себебі жаздан қарағанда күз кезінде блокбастерлер аз шығарылады екен, сондықтан картина табысты болмақ. Ал Аквамен кейпіндегі Джейсон Момоаны көрермен мұның алдында 2017 жылы шығатын «Лига справедливости», фильмінен көре алады.