«Елесті жіп»: Дэй-Льюистің соңғы рөлі
Танымал британдық актер әрі «Оскар» жүлдесінің үш мәрте иегері Дэниэл Дей-Льюис Пол Томас Андерсонның «Елесті жіп» фильмінен кейін кинематографтан кететінін мәлімдеді.
Картина 50-жылдары Лондонда сәнгер болып жұмыс істеген ағасы мен қарындасы туралы баяндайды.
Дэниэл Дей-Льюис Рэйнольдс Вудкокты, ал қарындасы Сирилды Лесли Мэнвилл сомдайды. Екеуі де сән үшін өмір сүреді.
Олар монархтарға, киножұлдыздарға, мұрагерлер мен дебютанттарға арналған ерекше сән үлгілерін тігеді.
Рэйнольдс Вудкок байлық пен әдемі адамдар қоршаған өмірінен ләззат алады. Ол бойдақ әрі үйленуге асықпайды. Бірақ, оның жолында Альма (Вики Крипс) есімді жас әрі жігерлі бойжеткен пайда болады. Ол Вудкокты есінен адастырып, ғашығы әрі музасына айналады.
Үнемі тәртіпке қатал тігінші керемет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Фильм тұсаукесері 2018 жылдың 8 наурызында болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін