Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» жобасы «Оскарға» ұсынылды
Режиссер Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» атты биылғы драмасы Ресей атынан «Шет тіліндегі үздік фильм» ретінде «Оскар» жүлдесіне ұсынылды.
Үміткерлердің арасында «Матильда», «Аритмия», «Алғашқылар дәуірі» және «Анна Каренина» болған, бірақ Ресейлік оскарлы комитет «Махаббат емес» картинасын таңдап алды.
Драманың тұсаукесері биыл мамыр айында 70-Канн кинофестивалінде өткен, сол шарада сыншылардың жоғары бағасына және қазылар алқасының сыйлығына ие болған еді.
«Махаббат емес» фильмінің сюжеті заманауи орыс отбасы туралы баяндайды. Ерлі-зайыптылар ажырасуға шешім қабылдаған кезде, ұлдары үйден қашып кетеді.
Андрей Звягинцев үшін бұл белді американдық жүлде екінші жетістігі. 2015 жылы оның «Левиафан» драмасы да «Оскардан» үмітті болған.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Базаралы Жанаков
25 қыркүйек 2017, 12:38Достойный выбор! Осталось пожелать попадания в шорт-лист. Жаль, что "Аритмия" не прошла.
Ануар Кенжибаев
29 қыркүйек 2017, 21:54Аритмия отличный фильм