È

Кәсіби мамандар Гай Ричидің «Артур патшаның қылышы» фильмін сәтсіздік күтіп тұр деп болжады

Кәсіби мамандар Гай Ричидің «Артур патшаның қылышы» фильмін сәтсіздік күтіп тұр деп болжады. Әлемдік кино

Мамандар «Warner Bros.» студиясы өзінің «Артур патшаның қылышы» фильмінің айналымына ыңғайсыз уақытты таңдап алғандығын айтып жатыр. Картинаны британ режиссері Гай Ричи 175 миллион доллар көлеміндегі қаржымен түсірген. Variety қызметкерлерінің болжамы бойынша, картина алғашқы демалыстарда Солтүстік Америкалық айналымда 25 миллион долларға жуық пайда табатын көрінеді. Бұл осындай көлемді фильм үшін сәтсіздікпен тең.

Картинаны әлемдік айналымда да дәл осындай құлдырау күтіп тұр екен. Өйткені, осы уақытта «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмі алдыңғы қатардан көрініп келеді.

Гай Ричидің «Warner Bros.» студиясымен бірігіп түсірген «А.Н.К.Л. агенттері» фильмі де кезінде сәтсіздікке ұшыраған еді. Дегенмен, картина сыншылар тарапынан жағымды пікірлерге ие болған.

«Артур патшаның қылышы» фильмінің құлдырауына айналымның сәтсіз таңдалған уақыты мен басты рөлдегі актері себеп болуы мүмкін. Өйткені, олар картинаға қомақты қаржы әкеле алмайтын көрінеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер