È

«Қарапайым өтініш»: Анна Кендрик пен Блейк Лайвли «Жоғалған» желісі бойынша түсірілген триллердің өз нұсқасын көрсетпек

«Қарапайым өтініш»: Анна Кендрик пен Блейк Лайвли «Жоғалған» желісі бойынша түсірілген триллердің өз нұсқасын көрсетпек

Режиссер Пол Фигтің («Елес аңшылары», «Тыңшы») «Қарапайым өтініш» фильмінің алғашқы тизері жарық көрді. Анна Кендрик («Мінсіз дауыс 3», «Жаза») және Блейк Лайвли («Сені ғана көремін», «Отмель») 2014 жылғы «Жоғалған» желісімен түсірілген триллердің өз нұсқасын көрсетеді. Таспа Дарси Беллдің аттас бестселлер романы негізінде қойылған және Кендрик пен Лайвли кейіпкерлерін бір қарағанда екі түрлі мінезді, бірақ өте жақын құрбылар ретінде көрсетеді. Кейін, екеуінің біреуі жоғалып кетеді.

Жақында Лайвли Instagram-дағы парақшасын түгел тазартып шықты, осылайша көрерменді дайындап, қызықтыра түскендей. «Қарапайым өтініштің» сюжеті бойынша Стефани (Анна Кендрик) ұлының сәнді Эмилидің (Блейк Лайвли) балаларымен достасып кеткеніне қуанады. Балалар бірге ойнап жүргенде, аналары мартини ішіп, әңгімелесіп, құпияларымен бөлісіп отырады. Эмилидің кейін жоғалып кетуіне себепкер болған құпиялары бар. Стефани нағыз құрбы ретінде оның себебін іздей бастайды.

«Қарапайым өтініш» триллері ауқымды айналымға 2018 жылдың 20 қыркүйегінде шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер