È

«Ральф ғаламторға қарсы»: Disney-дің анимациялық шытырманына арналған жаңа дубляждалған трейлер

«Ральф ғаламторға қарсы»: Disney-дің анимациялық шытырманына арналған жаңа дубляждалған трейлер

Дүйсенбі күні Disney «Ральф ғаламторға қарсы» анимациялық шытырманының жаңа трейлерін ұсынды, көрермендер осы студияның барлық ханшайымдарын көре алады. Түпнұсқада Джон Си Райли дыбыстаған Ральф және құрбысы Ванилопа фон Кекс ойын орталығынан асып, көптеген қарулар орналасқан залға барады да, Ванилопаның сүйікті ойыны «Эйфорияның» жетпейтін элементін іздеуге аттанады.

«Ральф ғаламторға қарсы» фильмінің жаңа ролигінен көрермендер «Моана», «Суық жүрек», «Батыл жүрек», «Рапунцель: Шиеленіскен оқиға» және т.б. сынды танымал диснейлік жобалардағы ханшайымдар шеруін тамашалайды. Олар Ванилопаға ханшайым болу-болмауына қатысты сұрақтар қойып, жауап алуға тырысады. Сонымен қатар, ол: «Өміріңде ер азамат пайда болғанда, барлығы реттелді ме?» деген маңызды сұраққа жауап беруі тиіс.

«Ральф ғаламторға қарсы» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 22 қарашадан бастап ауқымды айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер