«Илайдың кітаптары» туындысының режиссері шытырман оқиғалы жаңа экшн түсірді
Картинадағы оқиға тарихтан 20 мың жыл бұрынғы кезеңді сипаттайды. Ол кезде әлем қауіпке толы болатын, Жер беті суық әрі ыңғайсыз болғандықтан, адамдардың өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдарды әр қадам сайын өлім күтіп тұрды, олар тағамды аңшылық арқылы тауып отыратын. Жас аңшыны сомдаған Коди Смит-МакФи аң аулау кезінде қатардан қалып қойып, қауіппен жалғыз өзі бетпе-бет кездеседі. Тайпа оны өлдіге санайды, бірақ жас аңшы кезінде дұшпаны болған адаммен бірге жүріп, аман қалады.
Режиссері - Альберт Хьюз.
«Альфа» фильмінің тұсаукесері келесі жылдың 1 наурызында болады.
Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 шілде 2017, 12:50Стивен Кинг это нечто, он как Мартин Джон Игры Пристолов, другого жанра