Режиссер Нил Бломкамп үшінші қысқаметражды туындысын жарыққа шығарды
Нил Бломкамп биылғы жылы өзінің тәжірибелі жобаларын – қысқаметражды фильмдер топтамасын шығару үшін «Oats Studios» компаниясының негізін қалаған еді.
Жақында ғана оның «Zygote» атты үшінші фильмі шыққан-ды. Ол картинасы «Бөтен» мен «Әлдене» сынды ғылыми-фантастикалық хоррорларға ұқсас келеді.
22 минуттық картина болашақты және Арктикадағы таулы шахтаға түсініксіз бір мақұлықтың шабуылдауын көрсетеді. Экипаждың 98 мүшесінен тек екеуі ғана аман қалады. Олар Дакоты Фаннинг пен Хосе Пабло Кантильо кейіпкерлері болатын.
Қысқаметражды таспа режиссердің ресми YouTube-арнасында жарияланған.
Алдыңғы «Ракка» және «Тіреу бекеті» атты екі картинасы Желіге жүктеліп үлгерді. Алғашқысында рептилоидтардың қаптауы туралы, екіншісінде Вьетнамдағы соғыста американдық сарбаздардың бұрын-соңды көрмеген қарсыластармен соғысуы баяндалады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін