È

70-Канн фестивалінің нәтижесі

70-Канн фестивалінің нәтижесі. Әлемдік кино

70-Канн фестивалі Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» фильмімен басталған болатын. Бұл тақырып басқа фильмдерде де жалғасын тапты. Бас жүлдені екі жүзді басты кейіпкері бар Рубен Эстлундтың «Төртбұрыш» («Квадрат») фильмі иеленді.

Дегенмен, ең үлкен анти махаббат баспасөз бен мерейтойлы фестивальдің арасында болды. Өкінішке қарай, журналистер байқауға қатысқан картиналардың ішінен ерекше туындыны атай алмады.

Марапаттар келесі тізім бойынша үлестірілді:

  • Үздік сценарий жүлдесін Йоргос Лантимостың «Қасиетті бұғының өлімі» және Линн Рэмсидің «Сен ешқашан бұл жерде болмадың» картиналары иеленді.
  • Андрей Звягинцевтің «Махаббат емес» драмасы әділқазылар сыйлығына ие болды.
  • Үздік әйел рөлі «Шек» фильміндегі Дайан Крюгердің рөлі болса, үздік ер азамат рөлін «Сен ешқашан бұл жерде болмадың» кинотаспасындағы Хоакин Феникстің рөлі иеленді.
  • «Қауіпті азғыру» фильмімен жұмыс істеген София Коппола биылғы жылдың үздік режиссері атанды.
  • Робен Кампийоның «Бір минутта 120 соққы» фильмі «Гран-при» иеленді.
  • Кинофестивалдің 70-жылдығына орай арнайы сыйлықпен Николь Кидман марапатталды, бірақ актриса жүлде тапсыру салтанатына қатыса алмады.
  • «Алтын пальма бұтағы» бас жүлдесін Рубен Эстлундтың «Төртбұрыш» фильмі жеңіп алды.

«Ерекше көзқарас» бағдарламасы бойынша жүлделер келесі туындыларға үлестірілді:

  • Бас жүлдені Мохаммад Расулофтың «Ар адамы» фильмі иеленді.
  • Тэйлор Шеридан «Желді өзен» фильмі үшін үздік режиссер атанды.
  • Әділқазылардың сыйлығын «Сәуірдің қыздары» фильмімен Мишель Франко жеңіп алды.
  • «Жолы болғыш» фильміндегі Жасмин Тринктың рөлі үздік актерлық жұмыс деп танылды.
  • Кинодағы ерекше поэзия үшін аталған сыйлық «Барбара» фильмімен Матьё Амальрикеге берілді.
  • Қантемір Балаговтың «Таршылық» фильмі ФИПРЕССИ жүлдесіне ие болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист