È

«Эмми-2017» нәтижелері

«Эмми-2017» нәтижелері. Әлемдік кино

Драмалық хикаялардың арасындағы жеңісті Hulu стриминг-қызметінің «Қызметшінің әңгімесі» жобасы иеленді. Негізгі номинацияны арна емес, стриминг-қызметі бірінші рет жеңіп отыр, бұл тарихта бұрын-соңды болмаған. Хикаяның басты актрисасы Элизабет Мосс үздік драмалық актриса деп танылды. Сонымен қатар, хикая сценарий, режиссура және екінші қатардағы актрисаның (Энн Дауд) үздік ойыны үшін марапатталған.

Ал үздік драмалық актер жүлдесі «Бұл біз» картинасындағы рөлі үшін Стерлинг К. Браунға бұйырды.

Комедиялық жобалардың арасында «Вице-президент» үздік атанды, ал оның басты актрисасы Джулия Луис-Дрейфус алтыншы рет «Комедиялық хикаядағы үздік актриса» санаты бойынша жеңіске жетті. Дональд Гловер «Атланта» хикаясы үшін комедияның үздік актері әрі режиссері деп танылды.

Кіші көлемді хикаялардың арасында «Үлкенді-кішілі өтірік» картинасы жеңіске жетті. Николь Кидман үздік актриса атанса, Лора Дерн екінші қатардағы үздік актриса болды, ал Александр Скарсгард «Екінші қатардағы үздік актер» деп танылды, Жан-Марк Валле үздік режиссер атауына ие болды.

Кіші көлемді хикаядағы үздік актер жүлдесін «Бір күні түнде» жұмысы үшін Риз Ахмед иеленді.

«Қара айна» хикаясы үздік телефильм және сценарий номинациясы бойынша жеңіске жетті.

«Сенбі кешіндегі тікелей эфир» скетч-шоуы ең көп сыйлық алды, оның 9 мүсіншесі бар.

Одан кейін «Үлкенді-кішілі өтірік» (8 мүсінше) және «Қызметшінің әңгімесі» (сегіз) кіші көлемді хикаялары алған.

69-шы рет өткізілген «Эмми» жүлдесін табыстау салтанаты 2017 жылдың 17 қыркүйегінде Лос-Анджелесте болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер