È

Ридли Скотт «All the Money in the World» атты жаңа жобасына актерларды таңдап жатыр

Ридли Скотт «All the Money in the World» атты жаңа жобасына актерларды таңдап жатыр

Бірнеше апта бұрын Ридли Скотт мұнай алпауыты Жан Пол Геттидің немересін ұрлап кеткені туралы түсірілген «All the Money in the World» фильмінің сценарийін экранизациялауға кіріскен. Түсірілім жұмыстары мамыр айында «Чужой: Завет» фильмінің тұсаукесерінен кейін басталмақ.

Сюжет бойынша Римдегі жоғары мәртебелі мектептен шығып кеткен Пол Гетти есімді бозбаланың өмірі мен 70-жылдардағы тұрмыс-тіршілік көрсетіледі.

Оны 1973 жылы 10 шілдеде қарақшылар ұрлап кетіп, 17 млн. доллар ақы талап етеді. Басында туыстары бозбаланың өзінің қитұрқы әрекетінің бірі деп ойлайды, кейіннен барлығы күрделене түседі. Полдың әкесінде мұндай қаражат болмағандықтан, әулеттің басшысына барып сұрайды. Алайда ол да көлемді ақша беруден бас тартады.

1973 жылы күз мезгілінде итальяндық газеттің бірі адам құлағы салынған хат алады. Ұрлаушылар 10 күн ішінде 3 млн. доллар сұрайды, ақырында полиция қарақшыларды ұстап, Полды босатады.

III Пол Гетти осы оқиғадан соң қатты психологиялық күйзеліске түсіп, өмір бойы қиналып өтеді. Ол 2011 жылы 54 жасында қайтыс болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер