Риз Уизерспун «Элистің үйінде қонақта» мелодрамасында басты рөлді сомдайды
Желіге «Элистің үйінде қонақта» комедиялық элементтері бар мелодраманың екінші дубляждалған трейлері шықты. Тұсаукесері 7 қыркүйек күні болмақ.
Сюжет орта жастағы жалғызбасты ана туралы баяндайды. Күйеуімен ажырасқанына жарты жыл болған ол жас жігітті кездестіреді. Осылайша, екеуінде керемет махаббат басталады, ал жас жігіт пен оның екі досы кейіпкердің үйінде тұрады.
Әдемі әрі жайдарлы комедия Нэнси Майерс картинасына ұқсас болып келеді. Сонымен қатар, Нэнси таспа продюсері болып табылады. Ал режиссерлік орынға өзінің қызы Холли Майерс-Шайерді отырғызды.
Бір қызығы, фильм 16+ жастан асқан балаларға арналған, бірақ фильмде шектеу қоятындай ешқандай ұятсыз көріністер жоқ.
Басты рөлдерде: Риз Уизерспун, Майкл Шин және Нат Вулф.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін