È

«Эль-Каминодегі Рождество»: Netflix-тің тұсаукесер алдындағы қара комедиясының трейлері

«Эль-Каминодегі Рождество»: Netflix-тің тұсаукесер алдындағы қара комедиясының трейлері

«Эль-Каминодегі Рождество» - режиссер Дэвид Талберт түсірген қара комедия. Басты рөлді Люк Граймс («Елу реңге қошқылдау», «Тамаша жетілік») сомдайды. Одан басқа, фильмге Винсент Д’Онофрио («Қоңыраулар», «Юрск кезеңіндегі саябақ»), Джессика Альба («Механик: Қайта тірілу», «Антураж») және Дэкс Шепард («Үлкен Босс», «Судья») сынды жұлдыздар түскен.

«Эль-Каминодегі Рождество» фильмінің сценарийін Тед Мелфи жазды, ол биыл «Жасырын мүсіншелер» фильмі үшін «Оскар» жүлдесіне үміткер болды. Бұл жобаның жұмысы 10 жылға созылған. Мелфиден өзге, картина хикаясымен дебютант Крис Уэнер айналысты.

«Эль-Каминодегі Рождество» хикаясы Эрик Рот (Люк Граймс) есімді жас жігіт жайында баяндайды. Ол өмірі көрмеген әкесін іздейді. Іздеп жүріп, шөлдалаға, Невада штатындағы ойдан шығарылған Эль-Камино қаласына тап болады. Граймс кейіпкерін жергілікті полицейлер есірткі саудасымен айналысады деп ойлайды. Ол бірнеше адамдармен бірге тонаудан кейін шарап дүкенінде қамалып қалады. Рождество қарсаңындағы сасқалақтаған бес рух... Дүкендегінің біреуі – Эриктің әкесі.

Таспаның Netflix-тегі тұсаукесері 8 желтоқсанға жоспарланып отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист