Рыжий Рон қайта іске кірісті
Гай Ричидің 2000 жылғы «Большой куш» фильмі қайта өңделіп, телеарна сериалына айналады, онда басты рөлдердің бірі Руперт Гринт ойнайды.
Авторлардың айтуынша, фильмнің рухы сақталады. Мұнда басты екпін персонаждарға түседі. Сериалдағы оқиғаға Лондондағы қалта ұрылар, мафия, сатқын полицейлер туралы шынайы оқиға кіріктірілген. Басты кейіпкерлер оқиға бойынша алтын құймалар тиелген жүк көлігін тауып алады. Барлығы осыдан басталады.
Жобаның қойылымымен айналысатын Ник Рентон. Руперт Гринт алаяқ Чарль Кавендиштің рөлінде.
Он сериядан тұратын бірінші маусымның түсірілімі келесі аптада Манчестерде басталады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін