Сауд Арабиясы киноға салған тыйымды алып тастады
Сауд Арабиясы жаңа мұрагер ханзада Мохаммед бен Салман радикалды өзгерістер енгізуде.
Мәдениет және ақпарат министрі Овад бен Салех Аловад арнайы мәлімдемесінде: «Алғашқы кинотеатр 2018 жылдың наурыз айында ашылмақ. Аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдарының бас комиссиясы өндірістің басқарушысы ретінде патшалықтағы кинотеатрларды лицензиялауға көшті».
Сауд Арабиясында жұмыс істейтін бетке ұстарлардың көпшілігі осы жүйенің басталуын кинотеатр салып жүрген инвесторлардан күткенін хабарлады.
«Сауд Арабиясында мәдени экономиканың даму сатысы басталды. Кинотеатрларды салу арқылы экономиканың өсуіне және әртараптануға ықпал етеміз. Ауқымды мәдени секторды дамыта отырып, біз жаңа жұмыс орындарын құрамыз, оқуға қатысты мүмкіндіктерді кеңейтеміз, сондай-ақ патшалықтағы көңіл-көтеру орындарының пайда болуына атсалысамыз»,- дейді Аловад.







1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
21 желтоқсан 2017, 23:01Ну это еще может быть не все так плохо. Арабы меняются. Как и мир в целом.