«Құпия материалдар» 11 маусым
FOX компаниясы көрермендерге 90-жылдардағы әйгілі «Құпия материалдар» фантастикалық хикаясы он бірінші маусымының алғашқы трейлерін ақыры ұсынды-ау. Басты рөлдерде әрине, Дэвид Духовны және Джиллиан Андерсон. Тұсаукесері Нью-Йорктегі Comic Con фестивалінде болды.
Жаңа маусымның тұсаукесері және sci-fi хикаясының қайта орлауы 2017-2018 ж.ж. аралығында болады деп жоспарлануда. Нақты күні әзірге белгісіз. Сюжет алдыңғы маусымының жалғасы болмақ әрі оқиға Малдер мен Скаллидің ұлы Уильям аясында өрбиді. Ерекше қасиеттері үшін АҚШ билігі оны іздестіре бастайды.
Хикаяның он эпизодтан тұратыны белгілі. Атқарушы продюсері - Крис Картер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін