È

«Селфи»: кітаптан фильмге қарай. 1 бөлім

«Селфи»: кітаптан фильмге қарай. 1 бөлім

«Селфи» триллері жазушы Сергей Минаевтың «21 ғасыр рухless-і. Селфи» кітабының желісі бойынша түсірілген. Сонымен қатар, жазушы фильмнің сценарий авторы болып табылады.

«Сергей Минаевтың студиямыздағы орны ерек. Оның кітаптарында жазып, көтеріп жүрген тақырыптары, кейіпкерлері, қозғаған мәселелері біздің көрерменге қызық, - дейді Федор Бондарчук. - Константин Хабенскийдің басты рөлді сомдауға келіскені біз үшін мәртебе. Сондықтан, осы жобаға барымызды салдық».

Продюсер Петр Ануров пен жазушы Сергей Минаев «Рухless.Шынайы емес адам туралы повесть» кітабының экрандауымен бірге жұмыс істеген кезден бері таныс, аталмыш туынды - Минаевтың 2006 жылы бестселлер атанған романы. 2015 жылы екеуі бірге «Рухless 2» картинасын жарыққа шығарған, бірақ «Селфи» фильмімен, Минаевтың қазіргі таңдағы соңғы романымен жұмысы аяқ астынан бастау алған.

«Маған бұл оқиға қатты әсер етті. Кейін, Сергейдің кітапты «Селфи» деп атағаны ерекше ұнады, - дейді Петр Ануров. – Бұл сөз көпшілігіне жауыр болған шығар. Дегенмен, ол кітаптың шынайы бейнесін сипаттайды. Бір жағынан, бұл өмірбаяндық кітап, ал өмірбаянға құрылған кітапты «Селфи» деп атау өте үйлесімді. Сонымен қатар, оқиға егіздер туралы, сондықтан «Селфи» оған да жараса кетті. Үшіншіден, хикая қазіргі адамдардың сырт келбеттеріне қатты мән беретінін, суретке әдемілеп түсіп, барлығына жақсылап көрсететінін мысқылдайды. «Селфи» атауы – қазіргі ақпараттық кеңістіктегі танымал ғана емес, сондай-ақ, кітапқа сай болып келетін сөз».

«Басты кейіпкерді сомдауы мүмкін актерді таңдаған кезде, өз рөлін Сергей Минаев сомдап шықты, - дейді Петр Ануров. – Оған «Әдіс» хикаясы ерекше ұнады, сондықтан «Селфи» фильміндегі басты рөлді Константин Хабенскийдің сомдағанын қалады». Сол уақытта кітап басылып, жақсы тиражбен тарады да, бестселлер атанды. Бірақ, сценарийі әлі жазылмаған еді, сол себепті Константин Юрьевичке ұсынатын нақты дүниеміз болмады. Бірақ, бұл іске ғажайып жағдай араласты». «Егер мен бұл кітап туралы жазар болсам, маған автордың есінен адасқанын, мұндай сәйкестіктің болуы мүмкін емес екенін айтар еді. Бірақ, бұл нағыз шындық», - деді Сергей Минаев.

Жағдай былай болған еді: таңертең Минаевке Петр Ануров хабарласып, түсінде Хабенскийдің фильмге түсуге келіскенін көргенін айтып береді. Алайда, Ануров онымен сценарийге қатысты дауласақан. «Ессіз-ау! Алдымен актерді тыңдау керек қой. Әй, қайдам, Хабенский бізге түсе қоймас», - деп қынжылды Ануров Минаевке түсін айтып берген соң.

«Осылайша, Петя екеуіміздің әңгімемізден кейін, бірнеше уақыт бұрын маған кішкентай үй салып берген компаниядан хабарласады да, «Бізде дәл сіздікіндей үйге тапсырыс берген клиент бар. Сіздің үйіңізді оған көрсетсек бола ма?», - деді Сергей Минаев. – «Ол қандай клиент?»,- деп сұрадым. «Жақсы клиент, - деді маған, - танымал әртіс Константин Хабенский». Хабенский Минаевке келген соң, автор оған өз кітабын ұсынып, романның экрандауынан басты рөлде актерді көргісі келетінін білдіреді. Он күн өткен соң Константин хабарласып, жобаға қызыққанын, «Селфи» картинасына түсіп көргісі келетінін және сценарийді асыға күтетінін айтады. «Мен психологиялық триллер жанрында аз-маз жұмыс істеп көрдім. Сондықтан, тағы да байқап көргім келді, - деп түсіндірді Константин Хабенский. – Сонымен қатар, бір фильмде екі бірдей кейіпкерді сомдау қызық болып тұр».

«Сценарийде Минаев романынан біраз алыстадық. Сергей «Рухless» картинасынан бастап, бізге үнемі бостандық беріп тұрды. Біз де өз ойымызша хикаяны өңдеп, көлемді қылдық, кітапта жоқ әсерлі элементтерді қостық. Біздің ойымызша, жаман емес сияқты», - дейді Петр Ануров.

«Иә, кітап пен сценарий – екі түрлі дүние. Мен де бұрын кітапты сахналасаң болды, сценарий дайын деп ойлайтынмын, - деп қоса кетті Сергей Минаев. – Негізі, кітапты оқисың, жұмысың барып келіп, қайта оқисың... Ал кино ондай емес қой. Оны бір жарым сағаттың ішінде көріп тастайсың. Сондықтан, көптеген хикаялардың орнын ауыстырдық, басты кейіпкерлерді өзгерттік. Қазір басқаша өнім шыққан сияқты. Яғни, екі түрлі оқиға бар».

«Селфи» Қазақстандағы айналымға 1 ақпан күні шығады.

Фильмнің Қазақстандағы ресми таратушысы Meloman Entertainment компаниясы болып табылады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер