«Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясы: екінші маусымның толыққанды трейлері
Хокинс қалашығын қайтадан жұмбаққа толы қара түнек басады. Бірінші маусымдағы оқиға жоғалып кеткен Уилл балақайдың аясында өрбіген еді. Ол біртүрлі жағдайда жоғалып кетеді. Уиллдың жанұясы мен достары іздеп жүріп, ерекше қабілетке ие Он бір есімді қызға жолығады. Бала құтқарылды, бірақ біртүрлі оқиғалар әлі де болып жатыр. Екінші маусымда бірінші маусымдағы оқиғадан соң 1 жыл өткеннен кейінгі жағдай көрсетіледі. Кейіпкерлер бұрынғы өмірлеріне қайта оралғылары келеді, бірақ бастарынан өткен жағдайдан соң бұл мүмкін емес сияқты.
Жаңа маусымда тоғыз эпизод болады, бұл туралы жақында ғана Netflix-тің өзі хабарлады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін