«Штамм» сериалы бесінші маусымға ұзартылмайды
FX телеарнасы «Штамм» сериалы 4 маусыммен аяқталатынын ресми түрде хабарлады. Сериал адамдардың вампиризм эпидемиясының вирусы планетаға тарап жатқан кезде қалай тірі қалатындығы туралы оқиға.
О баста сериалдың 3 маусымы болады деп жоспарланған болатын, бірақ кейіннен жалғасы қажет екені түсінікті болды. Сонымен төртінші маусымда барлық сюжеттің қорытындысы жинақталады. Басты рөлдерде Дэвид Брэдли, Кори Столл, Джонатан Хайд, Кевин Дюран, Натали Браун, Рихард Заммель, Мигель Гомез және басқалар.
4-інші маусым 2017 жылдың жазында шығады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін