«Табу» сериалының трейлері
Британдық BBC One телеарнасының YouTube-тағы ресми аккаунтында «Табу» (Taboo) тарихи-драмалық мини-сериалының трейлері пайда болды. сериалда басты рөлде Том Харди ойнады.
ТСегіз сериядан тұратын телевизиялық сериал көрерменге 1814 жылы англияда болған оқиғаны баяндайды. Белгілі алаяқ Джеймс Дилейни он жыл Африкада тұрады. Енді ол әкесінің өлімі үшін кек алуға Англияға келеді. Ол құрқол оралған жоқ, өөзімен бірге ұрланған 14 алмаз ала келеді.
Продюсерлікті Том Хардидің компаниясы - Hardy Son & Baker мен Ридли Скоттың Scott Free компаниялары қолға алыпты. Фильмге Билл Лео, Уна Чаплин, Джонатан Прайс және Майкл Келли қатысты. Ұлыбританиядағы тұсаукесер BBC One телеарнасында келесі жылдың 7 қаңтарына жоспарланған.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін