«Симпсоны» сериалына 27 жыл толды
«Симпсоны» америка телевидениясы тарихындағы ең ұзақ сериал болды. Бүгін сериалға 27 жыл толып отыр. Алғашқы сериясы 1989 жылы 17 желтоқсанында шыққан екен. Бүгінде сериал жүзден астам елге танымал. «Симпсоны» сериалы өз тарихында бірнеше өзекті тақырыптарды сатира тілімен түйреп көрерменге жеткізуімен есте қалды. Авторлары бір жынысты неке, Ирактағы соғыс, үкіметтегі келеңсіздіктер секілді тақырыптарды қозғаудан қорықпайды. 1998 жылы Time журналы көпсериялы мультфильмді ХХ ғасырдың сериалы деп атады. Қазір сериалдың 30-ыншы маусымын түсіру жұмыстары жүріп жатыр.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін